Шал ақын ауданында этноауыл ашылды

Шал ақын ауданындағы «Аютас» сауықтыру лагерінің аумағында этноауыл ашылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Этноауыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында құрылып отыр. Лагерь аумағында 2 киіз үй тігілген. Бұл жыл сайынғы дәстүрге айналды. Онда оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрімен, наным-сенімдерімен жақынырақ таныса алады.

Қазіргі таңда ұлттық нақыштағы түрлі іс-шаралар кеңінен өткізілуде. Қос үйдің біреуінде көрме қанат жайса, келесінде қолданбалы өнерден ұл-қыздар үшін шеберлік сағаттары өткізіледі. Этноауыл жаз бойы жұмыс істейтін болады. Осы уақыт аралығында аудандағы 200-ден астам балаға қазақ халқының мәдениеті мен ұлттық дәстүрі дәріптелмек.

Лагерь аумағында ұлттық ойындарға да ерекше көңіл бөлінген. Яғни, демалуға келген балалар қазақ күресі, тоғыз құмалақ, асық ату, бес асық сынды ойындарды үйрене алады.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x