М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 2 жатақханасын тапсыру мерзімі тағы кейінге шегерілді. Енді нысанды келер жылдың тамыз айына пайдалануға беру жоспарланған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаттары Еркебұлан Мәмбетов пен Дмитрий Колода қос жатақхананың құрылысымен танысты. 1200 адамға шақталған нысанда қазір құрылыс жұмыстары қызған. Іске «Основание» серіктестігі жауапты, бүгіндері мұнда 90 құрылысшы тер төгуде. Жоспар бойынша студенттер үйі биыл желтоқсан айында пайдалануға берілуі тиіс еді. Алайда, тендердің басқа қатысушысымен туындаған даудың кесірінен шаруа созылып кетті. Оның үстіне маңайдағы жер үйлер сүрілмегендіктен, жатақханаларға жылу желісін уақытында тарту мүмкін болмай тұр.

«Жылу мен су болмаса, объект іске қосылмайды. Петропавл әкімдігінің жақын жерде орналасқан үш үйді сатып алу бойынша берген жауабы көңілімізді қанағаттандырмады. Егер мәселе күзде шешілмесе, онда жатақхана құрылысы тағы да созылып кетуі әбден мүмкін», – деді Мәжіліс депутаты Еркебұлан Мәмбетов.


Депутаттармен кездесу
барысында мердігер компания өкілдері жатақханаларды тапсыру мерзімі бір жылға шегерілгендігін мәлімдеді. Яғни, шаруа келер жылдың тамыз айында аяқталмақ.

Тағы оқыңыз: Шал ақын ауданында этноауыл ашылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x