Биыл СҚО-да қызметтік иттердің көмегімен 165 қылмыс ашылды

Жыл басынан бері СҚО-да қызметтік иттердің көмегімен 165 қылмыстың беті ашылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгінде СҚО полиция бөлімшелерінде 48 қызметтік-іздестіру иті бар. Оның 24-і – облыстық полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында. 16-сы іздестіру жұмыстарына тартылады. Мәселен, Альфа есімді овчарка маусым айында петропавлдық зейнеткерге ұрланған металын аз уақытта тауып беруге көмектесті. Зат табылып, иесіне қайтарылды, сол күні жедел уәкілдер күдіктіні анықтады. Жыл басынан бері СҚО-дағы полиция қызметкерлерінің төрт аяқты достары 72 ұрлықты ашуға көмектесті.

«Қаңтар айынан бастап өткізілген іс-шараларға 342 қызметтік-іздестіру иті қатысты. Нәтижесінде, 165 қылмыс ашылды. Оның ішінде 8 қылмыс – есірткінің заңсыз айналымымен байланысты. Соңғы жылдары қызметтік иттер синтетикалық есірткіні іздеу үшін белсенді қолданылады. 6 айда ішінде олар 764 грамнан астам есірткі затын алуға көмектесті», – деді СҚО ПД кинологиялық қызмет орталығы бастығының міндетін атқарушы Болат Бекмағамбетов.

Тағы оқыңыз: СҚО-да адам денсаулығына зиян келтіріп, өлімге дейін жеткізу фактілері 22%-ға көбейді

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x