Биыл Семей ядролық полигонының жабылғанына — 35 жыл. Осыған орай Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада «35 жыл ядролық сынақсыз: өткеннен сабақ, болашаққа жауапкершілік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Кездесуге жастар, қоғамдық ұйым өкілдері мен полигон ардагерлері қатысты. Негізгі мақсат — тарихи оқиғалардың маңызын кейінгі ұрпаққа жеткізу. Сонымен қатар, бейбітшілік пен қауіпсіздік жайлы кеңінен түсіндіру.
«Бүгінгі шара ашық диалог форматында өтеді. Мұнда біз Семей полигонына қатысты оқиғаларды тек кітаптан оқып қана қоймай, сол жерде болған адамдардың пікірін тыңдаймыз. Жастар оларға сұрақтарын қоя алады», — деді СҚО Жастар ресурстық орталығының басшысы Анастасия Волкова.
Кездесу барысында полигон оқиғаларын өз көзіммен көрген жандар естеліктері жайлы айтып берді. Асқар Мусин аталған аймаққа әскер қатарында жүрген кезінде барған. Сол кезең ардагердің әлі бе есіңде.
Семей ядролық полигонының жабылғанына — 35 жыл
«1970 жылы күзде әскерге шақырылдым. Ол кезде барлығы құпия болатын. Полигон жабылғаннан кейін ғана халық аурулардың қайдан шыққанын, полигонның зардаптары қандай болғанын біле бастады. Семей полигонының зардабы көп болды, қазір ол туралы ашық айтады», — деді Ардақ Мусин.