Пышақ жарақатын алған ер адамның үсті қанға боялған сәт бейнеленген видео әлеуметтік желілер мен қалалық чаттарда тарап жатыр. Оқиға Петропавлдағы «5/15» түнгі клубында болған. Қазір полиция екі қылмыстық істі тергеп жатыр. Түнгі жанжалдың ортасында бұған дейін де құқық қорғау органдарының назарына іліккен 33 жастағы Тауқұдіретов те болған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Оқиға 23 тамыз күні таңғы сағат бестің шамасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жастар арасында жанжал туындап, ол көп ұзамай төбелеске ұласқан. Нәтижесінде екі адам пышақ жарақатын алыпты.

«Күдіктілердің бірі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға және әр қатысушының әрекетіне құқықтық баға беруге бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұсталғандардың бірі бұрын екі рет сотталған. 2017 жылы ол «Ностальжи» кафесінде болған төбелеске қатысқан. Сот материалдарына сәйкес, жанжал қызға байланысты туындаған. Төбелес кезінде Тауқұдіретов қарсыласын бірнеше рет пышақтаған. Сот оны кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан айырды.

2023 жылы ол тағы да істі болды. Бұл жолы оқиға «Нептун» аквапаркінде болған. Онда ер адам полиция қызметкерлерімен жанжалдасып, олардың бірін ұрып, қарсылық көрсеткен. Сот оны кінәлі деп танып, бес жылға бас бостандығынан айырды.

«5/15» клубы да мұндай оқиғамен алғаш рет назарға ілігіп отырған жоқ. 2024 жылы мұнда күзет қызметкерлері мен келушілер арасында төбелес болған. Сот процесі барысында мекеме қызметкерлері оқиға кезінде қызметтік міндеттерін атқарып, келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әрекет еткенін дәлелдей алмаған. Осы іс бойынша бірнеше адам сотталып, қазіргі уақытта жазасын өтеп жатыр.

Тағы оқыңыз: СҚО-ға 624 мың тонна көмір қажет

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *