С. Мұхамедиев: Аулаларды кешенді абаттандыру жұмыстары 2024 жылы басталады

2024 жылы кешенді абаттандыру жұмыстары аясында Петропавлда 90 аула жөнделетін болады. Мұны өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифинге қала әкімі Серік Мұхамедиев айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қазіргі кезде облыс орталығында 593 аула бар. Оларды абаттандыру бойынша жұмыстар жылдар бойы жалғасып келеді. Биыл 34 балалар және 42 спорт алаңы орнатылған. 15 аулаішілік жолға асфальт төселді. 

«Аулаларды жөндеу бойынша жұмыстарды біз жалғастыратын боламыз. Менің ойымша, бұл бағыттағы жұмысты өзгерту керек. Яғни, қазіргі жасап жүргендей, бір ауланы ғана емес толық кварталдағы аулаларды жөндеген дұрыс. Сол кезде жұмыстың нәтижесі болады, әрі аулалар бір-бірін толықтырып, тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсартады. Аулаларды кешенді абаттандыру жұмыстары 2024 жылы басталады. Ол кезде 90 аула дұрысталады», – деп нақтылады спикер.

Сонымен қатар қала әкімі саябақ пен демалыс алаңдарының жайына да тоқталды. Биыл 3 алаң салынған. Ол «Береке» ықшам ауданындағы мешіт маңында, Пушкин көшесі бойындағы жаңа оқу корпусы маңында және Мещан орманындағы демалыс алаңы. Соңғысының құрылыс енді аяқталады.

«Қалада жалпы 50 сквер бар. Ол қала тұрғындарының сүйікті орындарына айналып үлгерді. Мүмкіндікті пайдалана отыра бизнес өкілдерін демалыс алаңдарының құрылысына ат салысуға шақырамын. Осылайша, қаланы көркейтуге үлес қосады. Тіпті, алаңға құрметті азаматтардың бірінің атын беруге де болады», – деді Серік Мұхамедиев.

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы Киров атындағы зауыт 95 жылдығын тойлады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x