Петропавлдағы Киров атындағы зауыт 95 жылдығын тойлады

Петропавлдағы «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ-на 95 жыл толып отыр. Осыған орай мерекелік шара ұйымдастырылып, кәсіпорын қызметкерлері мен ардагерлері марапатталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ 1928 жылы Мәскеуде құрылып, 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Петропавл қаласына көшіріледі. Ал 1942 жылы қиындықтарға қарамастан, кәсіпорын майданға алғашқы өнімдерін жібере бастайды. Зауыт ұжымы ұрыс даласында жүрген жауынгерлерді радиоқабылдағыштар, радиопеленгаторлармен қамтамасыз еткен. Қазіргі күні өндіріс ошағы көлік,  IT, темір жол, машина жасау радиоэлектроника және байланыс саласына қажетті құрылғыларды жасайды. Кәсіпорын еліміздің дамуына сүбелі үлес қосып келеді.

«Киров атындағы зауыт машина жасау саласындағы іргелі кәсіпорындардың бірі. Өндіріс ошағында жасалған өнімдер әр кезде де сұранысқа ие болды. Ел экономикасының дамуына сіздердің қосқан үлестеріңіз зор. Сондықтан облыс басшылығы атынан барлық зауыт ұжымы мен ардагерлерін құттықтаймын», – деді салтанатты шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Рүстем Құрманов.

Петропавлдағы Киров атындағы зауыт 95 жылдығын тойлады
Петропавлдағы Киров атындағы зауыт 95 жылдығын тойлады

Кейін зауыттықтарға облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды. Кәсіпорын басшылығы да талай жыл өндіріс ошағында еңбек етіп, зауыттың дамуына үлес қосқан ардагерлерді марапаттады.

«Біздің зауытта ардагерлер ұйымы 1977 жылы құрылды. Қазір оның құрамында 600-ден астам адам бар. Олардың барлығы бір кездері кәсіпорында еңбек етіп, зейнетке шыққан. Және кәсіпорынның басшылығы оларға зор қолдау көрсетеді. Әр мерекеде ардагерлерімізге құрмет көрсетіліп жатады. Аға буын өкілдері риза. Біз әрқашан зауыттың жетістіктеріне қуанамыз. Оның әрі қарай да дамып, биік белестерді бағындыруын қалаймыз», – дейді «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ ардагерлер кеңесінің төрайымы Людмила Воропаева.

Петропавлдағы Киров атындағы зауыт 95 жылдығын тойлады
Петропавлдағы Киров атындағы зауыт 95 жылдығын тойлады

Бүгіндері зауытта 500-ге жуық адам еңбек етеді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жылу желілерін жөндеу бойынша жол картасы әзірленді

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x