қуыршақ

СҚО тұрғынында екі мыңға жуық қуыршақ бар. Ол ойыншықтарды бала кезден жинай бастаған.  Келіншек жуырда көрме ұйымдастырып, өз коллекциясын жұртшылық назарына ұсынды. Коллекционермен Qazaqstan Media тілшісі  тілдесіп қайтты.

Анна Ляшенко 2000-шы жылдан бері қуыршақ жинап келеді. Қазір оның жинағында 60-ыншы, 80-інші жылдары саудаға шыққан ескі ойыншықтармен қатар заманауи «барби», «экшин мэн» сынды қуыршақтар да бар. Бұдан бөлек, коллекционер ботаникалық бақта бағбаншы болып еңбек етеді.

қуыршақ

«Қаладағы ботаникалық бақта жұмыс істегеніме 3 жыл болды. Бұл менің үшінші хоббиім десек те болады. Табиғатты, өсімдіктерді жақсы көремін. Ал, қуыршақтар коллекциясын жинаумен бұрыннан әуестенемін. Алғашқысын анам 13 жасымда көбейту кестесін тез жаттап алғаным үшін сыйлады. Содан бері қуыршақтың түр-түрін жинау мақсатыма айналды», – дейді Анна Ляшенко.

Коллекционер қалада қуыршақтар көрмесін өткізуді әдетке айналдырған. Өткен жылы Анна ботаникалық баққа келушілерге кеңестік кезеңдегі ойыншықтар көрмесін ұсынды. Оның коллекциясында барлығы 2000-ға жуық түрлі қуыршақ бар.

қуыршақ

Аннаның коллекциясындағы қуыршақтардың бағасы да арзан емес. Ең қымбатын 53 мың теңгеге сатып алған. Қуыршақ жинаушы оларды интернет дүкендерден тапсырыс беріп алдырған. Кейбірін туған-туыстары, достары сыйлапты. Анна қуыршақтарды жинаудан бөлек, оларды бояп жаңа кейіпке келтірумен де айналысады. Бұл істе оған ұлы көмектеседі.

«Коллекцияны «Аватар» фильміндегідей қуыршақпен толықтырғым келген. Дегенмен оларды табу да, сатып алу да қиын болды. Бағасы да арзан емес еді. Сондықтан қолда бар қуыршақты алып акрилмен бояп, ыстық желіммен құйрығын, құлақтарын жасап қалыпқа келтірдім. Ал ұлым болса қуыршаққа арнап жебесін жасап берді»,-дейді коллекционер.

қуыршақ

Одан бөлек, Анна Ляшенко конструкторлар, жұмсақ ойыншықтар, текшелер мен қуыршақтарға арналған ыдыс-аяқ, жиһаздарды да жинайды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жаңбыр жауады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x