СҚО-ның 4 оқушысы IQanat high school of Burabay инновациялық мектебінің грантын жеңіп алды

Солтүстікқазақстандық мектеп оқушылары «IQanat» республикалық байқауында жүлдеге ие болды. Сайыс нәтижесі бойынша біздің 4 оқушымыз IQanat high school of Burabay инновациялық мектебінің грантын жеңіп алды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

18-22 маусым аралығында Астана қаласында ауыл балаларына арналған «IQanat» республикалық олимпиадасының финалы өтті. Оған облыстың түкпір-түкпірінен жиналған 40 финалист жолдама алып, қатысты. Қызылжар ауданы Бескөл мектеп-колледжінің оқушысы Маржан Ахмадиева биологиядан 2 орынға ие болды. Сонымен қатар, 4 солтүстікқазақстандық ұл-қыз IQanat high school of Burabay инновациялық мектебінің грантын жеңіп алды. Олар: Ғ.Мүсірепов ауданы Новоишим қазақ орта мектебінің оқушысы Нұрболат Елемесов; Тайынша ауданы Киров орта мектебінің оқушысы Виктория Герман; Қызылжар ауданы Бескөл 2 орта мектептің оқушысы Диана Сағындықова; Тайынша ауданы, Миронов орта мектебінің оқушысы Руслан Белкин.

Тағы оқыңыз: Петропавл тұрғыны ағаш, темір және пластиктен кеме құрастырады

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x