кеме

Петропавлдық Юрий Романов ағаш, темір және пластиктен кеме құрастырады. Бүгінге дейін ол 30-ға жуық су көлігін әзірлеген. Ерекше хобби иесімен Qazaqstan Media тілшісі тілдесіп қайтты.

Юрий Романов бесінші сыныптан бастап жас техниктер станциясында оқыған. Содан бастап ол кемелерді модельдеумен айналысады. Бұл іске оның қызығушылығын  сол кездегі  ұстазы – Юрий Пашков оятқан. Содан бері автор 30-ға жуық су көлігін құрастырған. Зейнеткер жасаған кемелердің басты ерекшелігі – олар қашықтан басқарылады.  

кеме құрастыру  

«Бәрі үйірмеден басталды. Бұл іске қызығушылым сол уақытта басталған болатын. Кейін жасаған кеме моделдерімен  жарыстарға қатыстым. Уақыт өте келе ол хоббиіме айналды. Мұнда ең бастысы – сызбамен жұмыс істей білу. Механика мен электрониканы толық меңгеру қажет. Кемелер моделі арнайы сызба негізінде дайындалған. Оларды Санкт-Петербургтегі архивтен алдырамын. Бұл – дәлме-дәл көшірме саналады. Басты айырмашылығы тек көлемінде ғана», – дейді Юрий Романов.   

Әр кеме моделі үлкен шеберлікпен жасалған. Автор өз туындыларын дайындағанда ағаш, темір мен пластик бөлшектерді пайдаланады. Кейіпкеріміз бір кемені құрастыру үшін кейде бірнеше жылын сарп етеді екен.

кеме құрастыру

Бүгінде кеме модельдеу кәсіби спорт түрі ретінде қарқынды дамып келеді. Шебер Өскеменде, Астана мен Орал қалаларында өткен кеме жасаушылар көрмесіне қатысқан. Зейнеткердің топтамасындағы су көлігінің көбі әскери кемелер.

«Кей кемелер радиомен басқарылады. Бірнеше сызбаны Санкт-Петербургтен алып келдік. Корпусы үлкен, кішкентай бөлшектері көп болғандықтан 2 жыл ішінде жасап шықтым. Әйнек пластик, ағаш пен кішкентай темір бөлшектерін пайдаландым. Басқа да саймандар мен моторын Қытайдан алдырттық. Кеме моделін жасағанда оны дұрыс бояуға мән беру керек. Түсі қанық әрі таза шығуы үшін бояуды дұрыс таңдау маңызды», – дейді қала тұрғыны.

Бұдан бөлек, зейнеткер ұшақ, тік ұшақ моделдерін де құрастырады. Айтуынша, ұшақтікін жасау, кемеден қарағанда жеңілірек. Дегенмен қайсысына болмасын ұқыптылық пен төзімділік керек. Шебер кейде қайық жасап оны сатылымға шығарады. Бір сөзбен айтқанда қолда бар заттарды кәдеге асырып өнер туындысына айналдырып келеді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқан 15 жұмыс беруші анықталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x