Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы лауазымына Ержан Мейрамбекұлы Құлымбетов тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жаңа басшыны бүгін басқарма ұжымына  Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының жетекшісі Олжас Ыдырысов таныстырды. Ержан Құлымбетов Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Ресейдің Мәскеу қаласындағы театр өнері университетін актерлік шеберлік мамандығы бойынша тәмамдаған.

2008-2010 жылдар аралығында Италияның Милан қаласындағы музыкалық театрда тәжірибе алмасқан.

Еңбек жолын 2005 жылы Байқоңыр қаласындағы мәдениет сарайында аккомпаниатор болып бастады.

Түрлі жылдары Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында вокал бойынша оқытушы, Астана қаласындағы оқушылар сарайында бас режиссер, Қазақ ұлттық өнер университетінде «актерлік шеберлік пен өнер» кафедрасының аға оқытушысы болып еңбектенген.

Сондай-ақ Қазақ ұлттық өнер университетінде тәрбие және жастар саясаты бөлімінің басшысы лауазымында қызмет етті.

2021 жылы Астана қаласындағы Қазақ ұлттық университетіндегі «сазды-драма және қуыршақ театры» кафедрасының аға оқытушысы қызметінде жұмыс істеді. Осы уақытқа дейін қалалық мәдениет бөлімін басқарған.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x