1 желтоқсаннан бастап жазғы дөңгелекпен жүрген көлік жүргізушілеріне айыппұл салынады

1 желтоқсаннан бастап жол полициясы жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілерді жазалай бастайды. Көлік дөңгелегін уақытылы ауыстырмағандар 12 мың теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Полицияның айтуынша, мұндай көлік жолдарда қауіпті ғана емес, сонымен қатар техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың талаптарын бұзады. Мұндай жағдайда полиция қызметкерлері көлік құралын тоқтатуға, бұзушылықтар жойылғанға дейін мемлекеттік нөмірді алып қоюға құқылы.

«Жазғы дөңгелекпен қыста жолға шыққан көлік иелері ҚР ӘҚБтК 590 бабы 5 бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша жауапкершілікке тартылады. Олар 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Бұл – 12 625 теңге. Ал егер бір жыл ішінде осындай заң бұзушылық қайталанса, онда айыппұл 10 АЕК-ті құрайды», – деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына жаңа басшы келді

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x