СҚО-да жедел жәрдем мамандары анафилактикалық шок алған 2 тұрғынды құтқарып қалды

Солтүстік Қазақстан облысында цефтриаксон екпесін салғаннан кейін екі тұрғында аллергиялық реакция болған. Анафилактикалық шок алған петропавлдықтарды жедел жәрдем қызметкерлері құтқарып қалды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бірінші жағдайда, 14 жастағы бала цефтриаксон екпесі салынғаннан кейін 15 минуттан соң бозарып, тер шығып, қысымы күрт төмендеп, есінен танып қалған. Жедел жәрдем мамандары фельдшер Рустем Байманов пен Екатерина Яшонкова шұғыл көмек көрсетіп, баланы ауруханаға жеткізді. Дәл осы дәріні салғаннан кейін 40 жастағы әйел ес-түссіз құлап қалады. 103 нөмеріне шақырту түнгі23: 00 шамасында түседі. Фельдшерлер Хасан Абдалов және Максим Рябовтың тексеру кезінде науқастың жағдайы өте ауыр, естуі нашар, қан қысымы өте төмен болған. Дәрігерлер алғашқы медициналық көмекті көрсеткесін, әйелдің жағдайы жақсарды. Ол стационарға жатқызылды.

“Дәріні егер алдында антибиотиктерге сезімталдық сынамасын жүргізу қажет екенін есте ұстаған жөн. Әсіресе, Covid 19 пандемиясы кезінде кеңінен қолданылған цефалоспориндер тобының антибиотиктерін (ЦЕФ 3, цефтриаксон, цефазолин және басқалар) қолданған кезде сынама жүргізген жөн. Себебі, халықтың көбінде аллергия болатыны анықталды”, – дейді дәрігерлер.

Тағы оқыңыз: «Жезқазған – Петропавл» тасжолында көлік аударылып қалды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x