СҚО-да ақпан айы жылы болады

Синоптиктер Солтүстік Қазақстан облысында ақпан айы нормадан 2 °С жылы болады дейді. Орташа ауа температурасы -11,8-13,7°С болады деп күтілуде, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

“Казгидромет” мамандарының болжамынша, ақпан айының алғашқы он күндігінде түнде кей аудандарда -26°С аяз болады. Ал күндіз -13-18°С болмақ.

Айдың ортасында ауа температурасы көтеріледі. Түнде -5-10°С болса, күндіз -3-8 °С.

Ал айдың соңында күн райы тұрақсыз болмақ. Түнгі уақытта -13-18°С-тан-4-9°С аралығында аяз болады. Күндіз термометр көрсеткіші -8-13°С-тан+1°С-қа дейін көтерілмек.

“Айлық жауын-шашын мөлшері нормаға сай болады. Айдың алғашқы он күндігінің соңында, айдың соңғы күндерінде тұман болады деп күтілуде”, – деп хабарлайды синоптиктер.

Айдың басында қар, боран соғады деп болжанып отыр.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жедел жәрдем мамандары анафилактикалық шок алған 2 тұрғынды құтқарып қалды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x