СҚО-да полиция қызметкері қазақ күресінен 4 дүркін чемпион атанды

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері қазақ күресінен екі жарысқа қатысты. Нәтижесінде полиция департаменті аппаратының қызметкері Қайырбек Батырхан қазақ күресінен төрт дүркін чемпион атанды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жақында Ақмола облысының Щучинск қаласында «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының XI ведомствоаралық спартакиадасы өтті. Сайыста  ІІМ, ТЖМ және Қазақстанның басқа да күш құрылымдарының үздік балуандары бақ сынады. Облыстық полиция департаментінің қызметкері Қайырбек Батырхан 74 келіге дейінгі категорияда күресіп, бірінші орынды иеленді. Сөйтіп, ол аталған жарыстардың 4 дүркін чемпионы атанды.

СҚО-да полиция қызметкері қазақ күресінен 4 дүркін чемпион атанды

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы ІІМ ХІ спартакиадасы да өтті. Онда тағы бір солтүстікқазақстандық ерекше көзге түсті. 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның полиция бөлімінің қызметкері Бекасыл Ермахан үздік атанды.

Тағы оқыңыз:Тайынша ауданында су үйлерге кіре бастады

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x