Петропавлда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды

Сәуірдің төртінен бастап Петропавлда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы  қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media  тілшісі.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялауға бірнеше себеп болған. Біріншіден, қар еріп, су кейбір үйлерге кіре бастаған. Сөйтіп, кәріз жүйесі мен коллекторларға салмақ түсіп, Абай көшесіндегі коллектор істен шықты. Салдарынан көшедегі  асфальт ортасынан опырылып түскен.

«Осындай келеңсіз жағдайлардан кейін тұрғындардың қалыпты тыныс-тіршілігі бұзылды. Сондықтан табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл уақытта Абай көшесіндегі коллектордың 1 шақырымына  реконструкция жасалады. Бұл режим аясында тұрғындарға өтемақы қарастырылатын болады», – деді Петропавл қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.

Өтемақыны қарастыру және төлеу үшін арнайы комиссяи құрылады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да полиция қызметкері қазақ күресінен 4 дүркін чемпион атанды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x