Тайынша ауданында су үйлерге кіре бастады

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданына қарасты Красная поляна ауылындағы үйлерге су кіре бастады. Тұрғындар біртіндеп қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, деп жазады Qazaqstan Media  тілшісі.

СҚО ТЖД мамандарының сағат 15.00-де берген ақпаратына сүйенсек, бір тәулікте Тайынша ауданында сегіз адам қауіпсіз жерге көшірілген. Черниговакадан 4 адам, Красная поляна ауылынан төрт тұрғын үйлерін тастап кеткен. Сонымен қатар, 41 мал да қауіпсіз жерге шығарылды.

«Қардың қарқынды еруіне байланысты Красная поляна ауылындағы үйлерге су кіре бастады. Алты баспана су астында қалды. Қазіргі кезде тасқынды тоқтату мақсатында инженерлік жұмыстар жүргзілуде. 500 қап инертті материал дайындалды. Жалпы, аталмыш ауылда 187 үй бар. 539 адам тұрады», – деп хабарлады  СҚО ТДЖ бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов.

Сонымен қатар, аталмыш аудандағы Доброжановка ауылына да судан қауіп төніп тұр. Мұнда барлығы 25 баспана болса, соның бесеуінің ауласына су кірген.

«Су тасқыны  басталғалы бері облыста 20 үйге су кірді. 30 адам эвакуацияланды. 113 бас мал қауіпсіз жерге шығарылды», – деп нақтылады Мұрат Қанғожинов.

Синоптик мамандар, алдағы күндері күн жылынады әрі облысқа циклон келіп, жауын болады дейді.   Сергеев су қоймасындағы  су деңгейі 95 пайызға артқан. Бүгін кешке ондағы  су ернеуінен асады деген болжам бар.

Тағы оқыңыз: Су тасқыны: СҚО-да 31 жол учаскесін су басып, бір ауданда төтенше жағдай

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x