[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/1-5.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

«Соколовское» аңшылық шаруашылығы Қызылжар және Мамлют аудандарының аумағында орналасқан. Бүгінде оның аумағында елік, түлкі, қабан, қоян секілді жабайы жануарлар мекендейді. Орманшылар олардың қыстан аман шығуын бақылап отырады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Аңдардың қыстан аман шығуы үшін жаз мезгілінде қызметкерлер шөп, сыпырғыш пен тұз дайындайды. Қызылжар және Мамлют аудандарының аумағында орналасқан 150 мың гектардан астам аумақта аңдарды азықтандыратын 16 арнайы алаң бар.

«Биыл жануарлар қыстан аман шығуы үшін облыс бойынша 12 мың центнерден астам шөп, 8 мың центнерден астам жемазық, 600 мың сыпырғыш, 160 центнер тұз дайындалды. Оның 70 % берілді. Елік, қабандар сыпырғыштарды жей қоймайды. Көп жағдайда олар  ұсақталған жүгеріні ұнатады. Бір байқағаным үйдегі  малдарға  не ұнаса, соны жабайы аңдар да сүйсініп жейді», – дейді СҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Михаил Никитин.

Жалпы облыста 47 аңшылық шаруашылығы бар. Биыл қар соншалықты қалың емес, дейтұрғанмен жем-азық жыл сайын әзірленеді. Айта кетейік, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, табиғатты қорғау полициясы және табиғат пайдаланушылар жабайы аңдардың жағдайын үнемі бақылап отырады. Басқарма өкілдері биыл еліктердің күрт көбейгенін айтып отыр. Тұяқтылар көршілес Ресей елінен келген.

[/et_pb_text][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/подкормка-2.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x