Кезекті Үкімет отырысында білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті күшейту мәселесі қаралды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Алқалы жиында Әлихан Смайылов оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті. 

 «Ата-ана мектептегі баласының жағдайы мен қауіпсіздігі үшін алаңдамауы қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Министрдің сөзінше, бұл бағытта нормативтік те, ұйымдастыру жағынан да барлық деңгейде жүйелі шаралар қабылдануда. Президенттің тапсырмасына сәйкес Балаларды қорғау жөніндегі кешенді жоспардың жобасы әзірленді. Білім беру ұйымдарын дабыл кнопкаларымен және бейнебақылау жүйелерімен жабдықтауға, оларды полиция бөлімшелеріне қосуға, лицензияланған күзетпен қамтамасыз етуге қойылатын талаптар күшейтілді. Облыстарда қолға алынған шаралар жайында өңір жетекшісі Айдарбек Сапаров, Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов және Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаев баяндама жасады. Премьер-Министрдің баспасөз қызметінің мәліметінше, атқарылған шараларға қарамастан, өңірлерде проблемалар әлі де жеткілікті. Бейнебақылау орнатылған мектептердің арасында камералары стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкес келмейтін мектептер де бар. Еліміздегі 1100-ге жуық оқу ұясы полицияның жедел басқару орталықтарына қосылмаған. Бақылау режимі қатаң сақталмайды.

«Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы мектептерде лицензияланған күзет қызметтерімен келісімдер жасалмаған. Күзетке көбінесе арнайы даярлықтан өтпеген адамдар тартылады. Осы мәселелердің барлығын дереу шешу керек. Өйткені бұл – балаларымыздың қауіпсіздігі», — деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы биылғы жылдың 1-ші сәуіріне дейін мектептерді тиісті қауіпсіздік жүйелерімен жабдықтау жұмыстарын аяқтау қажеттігін айтты.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x