СҚО-да мемлекеттік органдар жер асты суларын заңсыз пайдаланып келген

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы орман шаруашылығының  шенеуніктері су кодексінің 66 – бабының талаптарын бұза отырып, ұңғыманы бұрғылап, жер асты суларын рұқсатсыз пайдаланған. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Осыған ұқсас, тіршілік нәрін оңды-солды пайдалану фактілері басқа 19 мемлекеттік органда да анықталды. Ол Жамбыл, Қызылжар, Есіл аудандарының білім бөлімдері, Айыртау, М. Жұмабаев, Мамлют, Тайынша, Тимирязев аудандары әкімдерінің аппараты, «Пресновка, Булаев, Есіл» орман шаруашылықтары.

«Облыс прокуратурасының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының қадағалау актісі бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары ӘҚБтК-нің 141-бабы бойынша жауапқа тартылды. Оларға жалпы сомасы 423 680 теңгеге айыппұл салынды. Рұқсат құжаттарын алу бойынша шаралар қабылдануда», – деп хабарлады СҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар қадағалау органы су объектілерін заңсыз басып алғаны және суды заңсыз пайдаланғаны үшін жеке және заңды тұлғаларға айыппұл  салынатындығын ескертеді. Оның көлемі 103 500-ден 897 000 теңгеге дейін жетеді. 

Тағы оқыңыз: 40 градусқа дейін және одан да жоғары: Алдағы жаз былтырғыдан да ыстық болады

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x