СҚО-да мас күйде жасалатын қылмыстар саны азайды

СҚО-да мас күйде жасалатын қылмыстар саны 20%-ға азайды. Жыл басталғалы алкогольді сату ережелерін бұзудың 65, заңсыз спирттік ішімдіктерді сатудың 106 фактісі тіркелді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың едәуір бөлігін ішімдікке тойып алғандар жасайды. Олар әсіресе, бұзақылық, денсаулыққа зиян келтіру, тұрмыстық зорлық – зомбылыққа жиі барады екен.

«Алкоголь өнімдерін «жасырын» немесе түнде сатып алу мүмкіндігі қылмыс жасау қаупін арттырады. Айталық, жуырда Мамлют ауданының орталығында тәртіп сақшылары құрамында алкоголь бар өнімдерді түнде сату фактісін анықтады. Сағат 22:00 шамасында дүкендердің бірінің сатушысы келушіге бір бөтелке коньяк сатқан. Еске сала кетейік, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабына сәйкес, этил спиртінің көлемдік үлесі 30% – дан асатын сусындарды сағат 21:00-ден 12:00-ге дейін сатуға тыйым салынады. Ал әлсіз алкогольді сағат 23:00-ден 08:00-ге дейін саудалауға болмайды. 21 жасқа дейінгі адамдарға алкогольді сатуға жол берілмейді», – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Жыл басталғалы облыста алкогольді сату ережелерін бұзудың 65, спирттік ішімдіктерді заңсыз сатудың 106 фактісі анықталды.

«4 айдың қорытындысы бойынша өңірде мас күйде жасалған қылмыстар санын 20,6%-ға төмендеген. 3751 солтүстікқазақстандық қоғамдық орындарда ішімдік ішкені немесе мас күйінде болғаны үшін жауапкершілікке тартылды», – деді Айдын Байматов.

Тағы оқыңыз: 1 аптадан соң «Ұмай» бағдарламасы арқылы өтініш қабылдау басталады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x