СҚО-да мал терісінен протеин өндіретін зауыт ашылды

Солтүстік Қазақстан облысында ірі қара мал мен жылқы терісінен жемазыққа қосатын жоғары протеинді қоспа шығаратын зауыт ашылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ерекше жобаны Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан универсиеті мен «СК Протеин» ЖШС бірге жүзеге асырмақ. Жобаны жүзеге асыру үшін жергілікті университет «Ғылым қоры» АҚ-нан 350 млн теңге мөлшерінде грант алды. Ақша 3 жылға берілген.

Жоба авторы университеттің агротехнологиялық факультетінің оқытушысы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Ақан Жүнісов. Оның айтуынша, керексіз болып қалатын сиыр мен жылқы терілерін терең өңдеу арқылы жоғары сұранысқа ие өнім алуға болады. Әлем бойынша ақуыздың жетіспеушілгі 20 % құрайды екен.

«Ең бірінші, Алматы технологиялық университетінің ғылыми зерттеу зертханасында біз алынған дайын өнімді тексердік. Құрамында қанша мөлшерде ақуыз бар, қанша амин қышқылдары бар деген сияқты, жалпы қоректілігін анықтадық. Осыдан кейін біз құс, етті қара малды бордақылау алаңдарында сынақтан өткіздік. Құстарға 3,5,7 % бердік, қара малдың да азығына қосып бердік. Сонда жалпы алынған нәтижеміз, әсіресе құс өз салмағын 25 % өсірді. Мысалы айталық, құс тәулігіне 80 грамм қосымша салмақ қосып отырған. Бұл құс фабрикасы үшін үлкен табыс», – дейді Ақан Жүнісов.

Бір сиырдың 10 келі терісінен 1 келі жем қоспасын алуға болады. Ал құс азығына қосып беруге оның 3-5 грамы жеткілікті екен. Малға 15-20 грамм протеин беріледі. Қазіргі уақытта жаңадан ашылған зауыт сағатына 500 кг осындай ұнтақ өндіре алады. Мамандардың пікірінше, бұл жобаны толық іске қосу үшін кемінде 4 жыл уақыт керек. Нәтижесінде құнарлы қоспа өндірісін жылына 7 мың тоннаға дейін жеткізбек.

Тағы оқыңыз:  Петропавлда тұрғын үйден өрт шығып, бір адам ауруханаға жеткізілді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x