Петропавлда тұрғын үйден өрт шығып, бір адам ауруханаға жеткізілді

Петропавл қаласында тұрғын үй өртеніп, бір адам иіс тиіп ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға 2-ші Косогор көшесіндегі үйлердің бірінде болды. Өрт жайында хабар 23:34-те келіп түскен.

«ТЖД қызметкерлері жеткенде мұнда 30 шаршы метрде от лапылдап жанып жатқан. Қызыл жалын 00:35-те ауыздықталды. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған», – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден 5 адамды құтқарған. Өкінішке қарай, бір адам иіс тиіп аураханаға жеткізілді. Ол 44 жастағы үй иесінің туысы болып шықты. Дәрігерлер ер адамның жағдайы ауыр деп отыр.

Тағы оқыңыз: СҚО-ға келген 133 дәрігер көтермеақы алды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x