СҚО-да есірткі жасырумен айналысқан жастарды полицейлер telegram-боттың көмегімен ұстады

СҚО полицейлері жаңа telegram-боттың көмегімен есірткі өткізуге қатысы бар күдіктілерді ұстады. Олардан ұнтақ тәріздес зат салынған 14 түйіншек тәркіленді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Полицейлер құрған telegram-ботқа Ізтөлин көшесінде жүрген жас қыздың күдікті іс-әрекеті туралы анонимдік хабарлама түседі. СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері дереу шаралар қолданады. Тексеру барысында 20 жастағы қыз бен оның жігіті ұсталды. Полицейлер олардан ұнтақ тәріздес зат салынған 14 түйіншек тәркіледі. Сараптама оның мефедрон және α-PvP есірткілері екенін анықтады. Сондай-ақ ұсталғандар бұған дейін есірткі жасырылған орындарын да көрсеткен. Полиция қызметкерлері есірткінің 45 грамын тәркіледі.

«Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі уақытта тағы бір жедел ақпарат тексеріліп жатыр. Бұдан бөлек, есірткі сатуды және таратушының жұмысын ұсынатын веб-ресурстарға сілтемелер туралы 30 хабарлама алынды. Олардың барлығы бұғаттауға жіберілді», – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Руслан Үмбетов.

Тағы оқыңыз: Петропавлды қалың қар басты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x