Петропавлдағы сұлулық салондарының бірінің Instagram парақшасын алаяқтар пайдаланып келген

Астана қаласының тұрғыны Instagram арқылы өзіне «Apple AirPods3» құлаққаптарына онлайн тапсырыс береді. Алайда тауар келмейді. Ал әлеуметтік желідегі парақшада Петропавлдағы мекенжай көрсетілген екен. Алайда ол жерде сұлулық салоны орналасқан болып шықты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Астаналық 64 мыңның құлаққаптарына әлеуметтік желі арқылы тапсырыс берген. Сол кезде онлайн-дүкеннің Instagram парақшасында 17 мыңнан астам болған. Ал ондағы бейне нұсқаулықта Петропавл қаласы К. Сүтішев к-сі, 60 «Квартал» бизнес-орталығындағы сатушының кеңсесі көрсетілген. Бірақ тауар уақытылы келмеген.

«Көрсетілген мекенжайға барғанда онда сұлулық салоны бар екені және сатушының Instagram-парақшасында жарияланған бейне нұсқаулық осы салонның Instagram-парақшасынан көшірілгені анықталды. Бұл өтініш қазір құқық қорғау органдарында қаралуда», – деді өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте СҚО бойынша  сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Ләзім Мияшева.

Тағы оқыңыз:  СҚО-да есірткі жасырумен айналысқан жастарды полицейлер telegram-боттың көмегімен ұстады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x