СҚО-да діни ағымының мүшесі адамдарды дәстүрлі емес жолмен емдеп келген

СҚО полицейлері оккульттік-мистикалық «емшіні» жауапқа тартты. ҚР-да тыйым салынған «Ата жолы» діни ағымының өкілі адамдарды үйінде емдеп келген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өзін «емші» саған Петропавл тұрғыны адамдарды үйінде қабылдаған. Ол діни атрибуттарды қолдана отырып, дәстүрлі емес емдеумен айналысқан. Оны СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері анықтады. «Ата жолы» ұйымына елімізде тыйым салынған. Сондықтан белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, діни бірлестіктердің қызметіне қатысу фактісі бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 489-бабының 10-бөлігі бойынша материал жиналды.

«Қазақстанда 2009 жылдың 5 ақпанында «Ата жолы» ағымына тыйым салынды. Секта басшылығының бір ізбасары өз-өзіне қол жұмсап, алаяқтық жасады деп айыпталғаннан кейін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Ата жолы» ЖШС-ні тарату, оның ішінде БАҚ арқылы осы сектаның қызметін насихаттау және тыйым салу туралы шешім шығарды», – деп нақтылады СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары.

Өткен 11 айдың ішінде облыс аумағында діни заңнаманы бұзудың 24 фактісін анықталды.

Тағы оқыңыз: СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Президенттің қабылдауында болды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x