Петропавлда қатты аяздың салдарынан түрғын үйлер газсыз отыр

Петропавл қаласында қатты аяздың салдарынан көпқабатты тұрғын үйлерге берілетін газ қатып қалған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі timnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Шаһарда 39 үйдің тұрғындары көгілдір отынсыз отыр. Бұл шамамен үш мың пәтер.

Сала мамандарының айтуынша, бұған қатты аяздың кесірінен газдың құрамындағы бутан мен пропанның мүлдем буланбайтыны себеп.

Сарышұнақ аяз басталғалы апаттық-диспетчерлік орталықтың қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

«Монополияға қарсы департамент өкілдері бекіткен баға бойынша біз техникалық пропан газын сатып ала алмай отырмыз. Мәселенің туындағына төртінші айдан асты. Егерде алдағы уақытта осындай қатты аязды күндер қайталанатын болса, көгілдір отынсыз қалатын үйлердің саны артуы мүмкін», – деді «Горгаз» ЖШС директоры Олег Иванов.

Тағы оқыңыз:  СҚО-да діни ағымының мүшесі адамдарды дәстүрлі емес жолмен емдеп келген

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x