СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Президенттің қабылдауында болды

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұханбетовты қабылдады. Кездесуде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндалды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президенттің қабылдауында болған Ғауез Нұрмұханбетов ауыл шаруашылығы саласында қол жеткізген жетістіктерге тоқталды. Биыл солтүстікқазақстандық шаруалар қиындықтарға қарамастан 3,7 миллион тонна астық жинаған. Сондай-ақ бүгіндері облыста 13 сүт фермасының құрылысы жүріп жатыр. Оның алтауы жыл соңына дейін іске қосылады.

«Аграрлық секторда сомасы 80 миллиард теңге болатын 27 жобаны іске асыру жоспарланған. Соның нәтижесінде 1000 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Бұл өңір халқының құс етіне, сүт өнімдеріне, көкөністерге деген қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал өнеркәсіп саласында құны 469 миллиард теңге болатын 39 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл 6 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Биыл 15 жоба іске қосылады», – деді облыс әкімі.

Сонымен қатар Президентке «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Петропавл қаласында 4 мектеп салынатыны жөнінде айтылды. Қазіргі уақытта мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп құрылысы жүргізіліп жатыр.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңірде 46 медициналық мекеме іске қосылады. Оның сегізі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Сондай-ақ облыс орталығында екі емхана салынған. Уәлиханов ауданында емхана құрылысы жүргізіліп жатыр.

«Жаңа нысандар салу арқылы 25 ауыл сумен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ кешенді блок-модульдер орнату арқылы 149 ауылға және топтық құбыр жобалары есебінен 46 ауылға су беріледі», – деп баяндады Ғауез Нұрмұханбетов.

Бұдан бөлек, облыс әкімі өңірдегі жылыту маусымы қалыпты режимде өтіп жатқанын жеткізді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облысты одан әрі дамыту және халықтың өзекті мәселелерін шешу жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да полицей қорғаныс құралдарын жинаумен әуестенеді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x