СҚО-да балалар ауруханасы 33 млн теңгеге нейрохирургиялық жабдық сатып алды

Солтүстік Қазақстанда балалар ауруханасы құны 33 млн теңгеден асатын нейрохиругиялық жабдықты сатып алды. Қымбат медициналық құралды алуға қаражат «Қазақстан халқына» қоғамдық қорынан бөлінді, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Нейрохирургиялық жабдықты  облыстық балалар ауруханасы Ұлттық нейрогриругиялық орталықпен бірлесе алған. Ақшаны оған «Қазақстан халқына» қоры бөлген. Медициналық жабдықпен бірге 1,5 млн теңге тұратын құралдар да сатып алыныпты.

«Нейрохирургиялық жабдықтан бас миына, жұлынға  нерв талшықтарына зияны келтірмей ота жасауға мүмкіндік береді. Бұл жабдықта бір мезетте 4 дәрігер жұмыс істей алады. Қазір аталмыш медициналық жабдықта жұмыс істеуді үйрену үшін Ұлттық нейрохиругиялық орталыққа  балалар ауруханасының невропатолог мамандары оқуға жіберілді», – деп нақтылады аурухананың бас дәрігері Нұрлан Айманов.

Тағы оқыңыз: Айыртау ауданына жаңа прокурор тағайындалды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x