Қайғылы оқиға Есіл ауданы Ильинка ауылында орын алды. Жер үйдегі өрттен екі бала көз жұмды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға бірінші сәуір күні таңғы сағат 10:11 орын алған. Үйде ересектер болмапты. Өртте қаза болған балалар 2015 және 2021 жылы туғандар.

«Балалардың жансыз денесін өрт сөндірушілер келгенше көршілер тапты. Оттың шығу себебі анықталып жатыр. Өрт 50 шаршы метр жерге жайылды», — деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Отты мамандар екі сағат ішінде ауыздықтаған. Бұл жұмыстарға сегіз маман және екі техника жұмылдырылды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да балалар ауруханасы 33 млн теңгеге нейрохирургиялық жабдық сатып алды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x