Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Тыңдайтын мемлекет» тұжырымдамасы аясында 28 ақпанда Петропавлда және барлық аудандарда «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» өтеді. Бұл туралы СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыс орталығының  тұрғындарымен кездесу барысында жариялады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Азаматтарды қабылдау облыс және қала басшылығы, атқарушы, сот және құқық қорғау органдарының басшыларының, қаржы институттары мен коммуналдық кәсіпорындардың өкілдерінің қатысуымен өтеді. Тұрғындарды бірыңғай қабылдау халықпен кері байланыстың тиімді тетігі болып табылады. Келушілер басшыларға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, оларға жауап ала алады. Бірыңғай қабылдау 28 ақпан күні сағат 10:00-де  Петропавл қаласындағы Жамбыл Жабаев көшесі 88 мекенжайы бойынша орналасқан С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының жаңа ғимаратында өтеді.

Тағы оқыңыз:Петропавлда асық ату мен бес асықтан қалалық ашық чемпионат өтіп жатыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x