Петропавлда қазақтың ұлттық ойыны асық ату мен бес асықтан  қалалық ашық чемпионат басталды. Сайыста Петропавл қаласы мен 6 ауданнан келген 120-ға жуық бала бақ сынауда. Чемпионат 3 күнге жоспарланған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бұл чемпионат өңірімізде дәстүрлі түрде өткізіледі. Бүгінгі сайыста 2008-2013 жыл аралығындағы жасөспрімідер бақ сынасуда. Жарыс жеңімпаздары наурыз айының соңында Ақтауда өтетін республикалық чемпионатта өңір намысын қорғайтын болады.

Петропавлда асық ату мен бес асықтан қалалық ашық чемпионат өтіп жатыр

«Бүгін қыздар бес асық, ал ұлдар асық атудан жарысады. Ертең үздіктерді анықтайтын боламыз. Жалпы өңірімізде бұл ұлттық спорт түрі 2015 жылдан бері өте жақсы дамып келе жатыр. Қазір қатысушылар арасындағы бәсекелестік те мықты. Қыздарымыз бес асықтан бірнеше республикалық сайыстардың жеңімпазы атанған», – деді чемпионат төрешісі Ербол Оспанов.

Сайысқа қатысушылардың бірі-Алмаз Батыр. Ол бүгін Жамбыл ауданының намысын қорғап келген. Алмаз асық ату ойынымен 3 жылдан бері айналысып келеді екен. Ол бірнеше облыстық сайыстардың жеңімпазы.

Петропавлда асық ату мен бес асықтан қалалық ашық чемпионат өтіп жатыр

«Біз бүгін Жамбыл ауданынан жалпы 9 адам болып келдік. Бұл ойын менің хоббиім деп айтсам болады. Әр асықты атып, құлатқан сайын одан әрі құлшынысым ояна береді. Қазір 1-ші кезеңді аяқтадым. Қарсыласымды 5-3 есебімен жеңдім»,- дейді ол.

Бүгінгі чемпионатқа қатысып жатқан қыздардың да дайындығы өте жақсы. Сайыс төрешілерінің сөзінше, жылда бес асықтан Уәлиханов, Шал ақын ауданының спортшылары өте жақсы нәтиже көрсетеді екен.  Солардың бірі – Инабат Хасенова.

Петропавлда асық ату мен бес асықтан қалалық ашық чемпионат өтіп жатыр

«Мен Уәлиханов ауданынан келдім. Қазір 9-шы сыныпта оқимын. Бес асық ойынымен 6-шы сыныптан бері айналысамын. Өзіме өте ұнайды. Былтыр осы ашық чемпионатта 1-ші орын алып, республикалық сайысқа қатысқанбыз. Осы жылы да жеңіске жетуге үміттіміз», – деді чемпионатқа қатысушы Инабат Хасенова.

Тағы оқыңыз:«Қызылжар жастары» бағдарламасы: Баспана аламын дегендерге 15 млн теңгеге дейін несие беріледі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x