[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/WhatsApp-Image-2023-02-02-at-13.39.32-1.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ global_colors_info=»{}» sticky_enabled=»0″]

Өңірдегі 20 гидротехникалық құрылыстың 14-і ғана қанағаттанарлық жағдайда. Бұл туралы су тасқынына дайындық және өңірдің барлық гидротехникалық құрылыстарының жарамдылығы мәселелері талқыланған жиында айтылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«AMANAT» партиясының СҚОФ партиялық бақылау комиссиясының отырысында облыс әкімдігі аппаратының жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғаныс бөлімінің бас маманы Берік Ғабдулин өңір аумағында 20 гидротехникалық құрылыс бар екенін хабарлады. Екеуі – апатты жағдайда. Олар – су қоймасы бар Шарық су торабы және Уәлиханов ауданы Қаратал ауылындағы «Сегіз көз» сегіз терезелі су өткізу ғимараты.

«Төртеуі қанағаттанарлықсыз жағдайда: Есіл ауылының жанындағы арынды-реттеуші бөгет, Петропавлдағы Ущев көшесіндегі қорғаушы бөгет, «Биопруд» сарқынды су жинағыш бөгеті және Тілеусай ауылының жанындағы су қоймасы бар су көтергіш бөгет. Қалған 14 ГТҚ – қанағаттанарлық жағдайда», – деді Берік Ғабдулин.

Ол темір-бетон плиталарын ауыстыру және «Биопруд» сарқынды су жинағыш бөгетін нығайту бойынша реконструкцияны аяқтау мәселесі өткір тұрғанын атап өтті. Сондай-ақ, облыс орталығындағы Ущев көшесі бойындағы қорғаушы бөгетті күрделі жөндеу талап етіледі, онда су өткізу құрылыстарында алшақтықтар байқалады және реттегіш шлюздер жоқ. Қазіргі уақытта күрделі жөндеу жобасы әзірленуде. Бюджеттік өтінім осы жылдың наурыз айында сараптама қорытындысын алғаннан кейін жіберіледі. Сонымен қатар, Тепличное және Прибрежное ауылдарында қорғаныс бөгетін салу жоспарлануда. Жоба әзірленіп, ақпан айында сараптамаға жіберіледі.

«Мамандардың айтуынша, облыс бойынша топырақтың қату тереңдігі –149 см, бұл өткен жылғыдан 27 см артық. Сергеевка су қоймасының толымдылығы 76,5% құрайды, бұл 2022 жылғыдан 10%-ға аз. Қаңтар айының соңында су қоймасының көлемі 530 млн. текше метрді құрады, қар жамылғысында қорлардың жинақталуы ақпан айында және наурыз айының басында жалғасатынын ескере отырып, күрт жылыну жағдайында облыс өзендеріндегі су деңгейінің қауіпті белгілерге дейін көтерілуі мүмкін», – деп қоса айтты Берік Ғабдулин.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы Сәкен Ағзамов көктемгі кезеңге дайындық туралы айтты.

«Су тасқынына қарсы іс-қимылдың арқасында 175-тен астам елді мекенде қауіп барынша азайтылды. Су басуға бейім елді мекендердің тізбесі өзектендірілді. Бүгінде су тасқынына бейім 85 елді мекен есепке алынды», – деп атап өтті Сәкен Ағзамов.

Сондай-ақ, оның айтуынша, департаменттің қаруында халықты тасымалдау және эвакуациялау үшін 10 жоғары өтімді вахтовка, жол талғамайтын 5 көлік, 7 жүзу құралы, 82 мотопомпа, 370 су өткізбейтін костюм және сыйымдылығы 400 адамнан асатын 21 шатыр бар. Барлық техникалық ресурстар су тасқыны осал учаскелерге алдын жеткізіледі.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x