СҚО әкімі: Жыл соңына дейін 24 мыңнан астам адамды жұмысқа орналастырамыз

Ағымдағы жылдың соңына дейін Солтүстік Қазақстан облысында 24 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылады. Бұл жайында өңір жетекшісі Айдарбек Сапаров айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Биылдыққа облыста 11 мыңнан астам адам екі қолға бір күрекпен қамтамасыз етілді. 5 ай ішінде 7900 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды.

«Өңірде халықты жұмыспен қамтуға және табысын арттыруға аса назар аударылады. Өткен жылмен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар саны 18%-ға қысқарды», – деді Айдарбек Сапаров. 

Үстіміздегі жылдың соңына дейін тағы 24 мыңнан астам солтүстікқазақстандық жұмысқа орналастырылады. Осылайша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ға дейін төмендейді деп күтілуде.

Тағы оқыңыз: Дәрігерлерге 5 млн теңге мөлшерінде көтермеақы төленеді

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x