Дәрігерлерге 5 млн теңге мөлшерінде көтермеақы төленеді

СҚО-да тар бейінді дәрігерлерге 5 млн теңге мөлшерінде біржолғы төлем төленеді. Мұндай қолдауға анестезиолог-реаниматологтар, акушер-гинекологтар, онкологтар сияқты аса сұранысқа мамандар ие бола алады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Айдарбек Сапаров өңірдегі денсаулық сақтау саласына да тоқталды. Айтуына қарағанда, медицина саласын қаржыландыру жыл сайын ұлғайып келеді. Осының арқасында диагностика деңгейі мен медициналық қызмет көрсету сапасы жақсарған.

«Биылғы жылы да денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 56%-ға (17 млрд. теңге) ұлғайды. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңірде 46 медициналық объект салу жоспарлануда. Бұл – фельдшерлік-акушерлік, дәрігерлік амбулаториялар мен медициналық пункттер», – деді өңір жетекшісі.

Күзде облыс аудандарында 2 емхана ашылады. Жоспар бойынша нысандар ауысымына 250 адамды қабылдамақ. Кішкенекөл ауылында құрылыс жұмыстары басталып кетті. Медициналық жабдықтармен толық жабдықтауға 5,5 млрд. теңге бөлінді. Айдарбек Сапаров аудандық ауруханаларға 14 санитарлық көлік берілгенін тілге тиек етті. Тағы 18 бірлік техника алынады.

«Өңірде дәрігер тапшылығы мәселесі өткір тұр. Проблеманы шешу үшін көтермеақы мөлшері ұлғайтылды. Анестезиолог-реаниматологтар, акушер-гинекологтар, онкологтар сияқты аса сұранысқа ие тар мамандықтардың дәрігерлері 5 млн теңге мөлшерінде біржолғы төлем алады», – деді аймақ басшысы.

Тағы оқыңыз: Автобустар жолағы мен веложолдар салуға мүмкіндік жоқ – Айдарбек Сапаров

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x