СҚО әкімі – Петропавлда құрылысы созылып кеткен үйлерді тезірек тапсыру керек

Қазіргі таңда Петропавлда 27 үйдің құрылысы жүргізілуде. Мердігер ұйымдар белгіленген жұмыс кестесінен қалыс қалып, үйлерді кеш тапсыруда. Кейбірінің аумағын абаттандыру бойынша шаруа бәсеңдеп қалған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыс орталығындағы Порфирьев 60 мекенжайында салынып жатқан үй былтыр қолданысқа тапсырылуы керек болған. Бірақ құрылыс жұмыстары белгіленген уақыттан кешігіп жатыр. СҚО әкімі Айдарбек Сапаров қала басшысына құрылысты жуық арада аяқтауды тапсырды.

«Бұл үйлерді қыркүйек айында тапсыру керек. Уақытты соза беруге болмайды. Халық күтуден шаршады. Қолдан келмей ме, басқа біреуді алу керек бұл жерге. Жаңа кесте бойынша үйді тапсыра алмасаңыздар, компанияны сотқа беріп, істі басқа серіктестікке тапсыру керек», – деді облыс әкімі.

Мердігер ұйым тамыздың басында шаруаны аяғына жеткіземіз деп сөз берді. Айта кетсек, бұл аумақта 6 үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Әрқайсысында – 100 пәтерден. Серіктестік жалпы саны 1703 баспананы халыққа тапсыра алмай отыр. Горький көшесі бойында да осындай проблема. 14, 16 мекенжайындағы үйлерді «Альфа-Север» серіктестігі салған.

Абаттандыруға «Энерджи-Тараз» ЖШС жауапты. Тиісті жұмыс атқарылмағандықтан, халық әлі үйлеріне кіре алмай отыр.

«Үйлердің айналасын қалыпқа келтіріп, дұрыстап абаттандырып барып тұрғындарға тапсыру керек. Маңайда көлік қоятын жер болуы керек. Мынадай жағдайда пайдалануға бере алмайсыздар, ешкім қабылдамайды да. Жұмысқа қарқын қосу қажет. Қала әкімі сіздермен жеке жұмыс істейтін болады. Сәйкесінше, жаңа график белгілейді, одан қалыс қалмаңыздар. Қажет болған жағдайда қосымша адам тартып, техника қосыңыздар», – дейді Айдарбек Сапаров.

Тағы оқыңыз: Тамыздың ортасында «Жас Өркен» ықшам ауданындағы емхананың құрылысы аяқталады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x