Петропавлда жаңа көпір салынады

Биыл Петропавлда жаңа көпір салынады. Жұмысшы кенті мен қаланы байланыстыратын көпірдің құрылысына 6 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінбек, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жұмысшы кентінде тағы бір көпір салынады. Оның құрылысы биыл басталмақ. Универсальный көшесінен бастау алып Караванная көшесіне дейін жететін көпірдің құрылысына 5,9 млрд теңге қаржы бөлінбек.

«Бүгіндері конкурс жарияланған. Қортындысын күтіп отырмыз. Содан соң ауқымды жұмыс басталады. Конкурсты өткізуге 500 млн теңге бөлінді. Алдағы уақытта Жұмысшы кентіндегі үйлер де сүрілмек», – деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсат Баяхмет.

Петропавлда жаңа көпір салынады

Бұдан бөлек, Петропавлда Есіл өзені арқылы өтетін тағы бір көпір салынбақ.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге жұмыс сапарымен келгенде республикалық маңызы бар жолдарды реттеу үшін қаржы көлемін арттыруды тапсырған болатын. Сондықтан көпірдің құрылысын бастау үшін қаржының бөлінуін күтіп отырмыз» деді өңір журналистерімен қаладағы нысандарды аралаған Айдарбек Сапаров.

Тағы оқыңыз: СҚО әкімі – Петропавлда құрылысы созылып кеткен үйлерді тезірек тапсыру керек

 

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x