Горький көшесін қалыпқа келтіру шаралары тамыз айына дейін аяқталады

Горький көшесін ретке келтіріп жатқан мердігерлер бүгін Айдарбек Сапаровқа тиісті жұмыстарды тамыз айына дейін аяқтаймыз деп уәде берді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Горький көшесін қалыпқа келтіруге 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Барлығы 2 шақырым жер жаңартылып жатыр. Бұл жақтағы шаруа белгіленген уақыттан кешіктіріліп, ұзаққа созылып кетті. Жөндеу жұмыстарын тезірек аяқтау үшін қосымша жұмыс күші мен техника тартылған. Бүгін облыс әкімі жағдайдың мән-жайымен танысып шықты.

«Мердігерлер 1 тамызға дейін қалыпқа келтіру жұмыстарын аяқтаймыз деп сөз берді. Мұнда асфальттың 2 қабаты төселді, енді 3-шісі қалды. Тротуар жасалады. Бұл орташа жөндеу жұмысы емес, көшені жаңарту, қалпына келтіру шаруаларына жатады», – деді облыс әкімі.

Іске «Құрылыс-Сервис-СК» серіктестігі жауапты. Жоба 2 жылға шақталған. Демек, осы жылы аяқталуы тиіс. Баспасөз туры барысында Жамбыл көшесіндегі  жөндеу жұмыстары да тексерілді. Сонымен қатар, Айдарбек Сапаров биыл Интернационал көшесі де жөндеу көретінін айтып қалды. 1 ай ішінде конкурс өтіп, жұмыс басталмақ.

«Интернационал көшесіндегі құдықтарды тегістейтін боламыз. Оларды жауып тастай алмаймыз. Сол үшін жөнді асфальт төсеу керек. Жолда құдықтардың бары білінбейтін етіп жасау керек. Бірақ, бұл тікелей мердігерлерге байланысты. Мәселен, Жамбыл көшесіне жауапты компанияның техникасы жаңа, сол үшін жұмыстар жақсы жүріп жатыр. Жолдың сапасы үшін мұның маңызы зор», – деді аймақ басшысы.

Алдағы уақытта Жұмабаев көшесі 3 метрге кеңейтілетін болады. Бұл да бүгінгі кездесуде белгілі болды.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жаңа көпір салынады 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x