СҚО-да орман шаруашылығынның директоры тұрғындарға ағашты қымбатқа өз туыстарынан алғызған

СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті орман шаруашылығында жемқорлық фактісін анықтады. Тексеріс нәтижесінде, Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның Ақан сері орман шаруашылығында кесілген ағаштың басым бөлігі, яғни 77,1% осы шаруашылық директорының жұбайының үлесіне тиесілі екені анықталған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ақан сері орман шаруашылығына үш жыл ішінде 64 мың текше метр отын берілген. Ал мекеме директоры өз құқығын асыра пайдаланған.

«Ақан сері» орман шаруашылығының директоры ағаштардың көп бөлігін жұбайының үлесі етіп көрсеткен. Сонымен қатар, шаруашылықта ағаш көп көлемде жоқ екенін айтып, тұрғындарды өзінің туыстарына жіберіп отырған», — деді ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департамент басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісов.

Мұндай факті Мамлют орман шаруашылығында да анықталды

Тағы оқыңыз:Петропавлда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x