Демалыс күндері футболдан ел чемпионатының алтыншы тур ойындары өтті. «Қызылжар» футбол клубы «Атырау» командасымен кездесіп, соңғы минуттарда жеңісті жұлып алды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Демалыс күндері футболдан ел чемпионатының алтыншы тур ойындары өтті. «Қызылжар» футбол клубы сырт алаңда «Атырау» командасымен кездесті. Айта кету керек, алаң иелері бұған дейін жеңіліске ұшырамаған еді.

Матч бойы аса көп шабуылдар болмады. Қос команда бір-бірлерінің қателіктерін аңдып бақты. 90 минут 0 де 0 есебімен аяқталды. Төреші қосқан қарсыластың қателігін ұтымды пайдаланған Тимур Мульдинов гол соғып, қырандарға жеңіс әкелді.

«Қызылжар» ФК осы жеңісінен кейін турнирлік кестеде төртінші орынға көтерілді. Қыранда алты ойында үш рет жеңіске жетіп, екі рет тең ойнады. Бір жеңілісі бар. Жерлестеріміз енді 25 сәуір күні өз алаңында шымкенттік «Ордабасыға» қарсы тұрады.

Тағы оқыңыз: Ашық Қазақстан: экономикалық басым жобалардың қатысушылары үшін жеңілдетілген визалық режим енгізілді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *