20-26 сәуір аралығында Бразилияда бокстан Әлем кубогы өтеді. Дүбірлі додада ел намысын қорғайтындардың арасында жерлесіміз Наталья Богданова бар, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

20-26 сәуір аралығында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында бокстан Әлем кубогы өтеді. Бәсекеге 50-ден аса елден 400-ге жуық боксшы қатысады деп күтілуде. Қазақстан атынан ерлер құрамасынан тоғыз боксшы, ал әйелдер құрамасынан жеті боксшы жүлдеге таласады.

Дүбірлі додаға әлемнің түкпір-түкпірінен кіл мықтылар қатысады. Жарыста ел намысын қорғайтындардың арасында жерлесіміз Наталья Богданова бар. Од былтырғы Әлем кубогында жеңімпаз атанған болатын.

Чемпион болу қиын, оны қорғау одан да қиын. Теріскейлік былғары қолғап шеберң 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Бұл салмақта сайысқа 17 боксшы тіркелген.

Жерлесіміздің алғашқы қарсыластары белгілі болды. Ол Бусеназ Сюрменели(Түркия) — Чиаро Сарайелло(Италия) жұбының жеңімпазымен бәсекеге түседі. Айта кету керек, алғаш аталған спортшы Токио Олимпиадасының чемпионы.

Тағы оқыңыз: Қызылжар» ФК турнирлік кестеде төртінші орынға көтерілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *