Қызылжар ауданында егіс науқаны қарқынды жүріп жатыр. Жер емген диқандар биыл 200 мың гектар аумаққа дән сіңірмек, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қызылжар ауданындағы «Боголюбово» серіктестігінде егіс науқаны қарқынды жүріп жатыр. Мұнда маңызды іс жетінші мамырда басталған. Агроқұрылым 3 мын 700 гектар алқапқа дән сіңірмек.

Қызылжар ауданының диқандары 45 мың гектар алқапқа дән сіңіріп үлгерді
Қызылжар ауданының диқандары 45 мың гектар алқапқа дән сіңіріп үлгерді

«Егіс науқаны алдында барлық алқаптарымызға тыңайтқыш енгіздік. Алдымен селитра сепілді. Қазіргі таңда бидай егіп жатырмыз. Бидай себу нормасы – 150 кг, ал аммофос – 50 кг. Тұқымның сіңіру тереңдігін әр ауысым сайын бақылап отырамыз», — деді «Боголюбово» ЖШС агрономы Нұрлан Сәрсекеев.

Биыл шаруашылық майлы дақылдарға, соның ішінде күнбағысқа ерекше басымдық беріп отыр. Өткен жылы бұл өнім нарықта жақсы бағаланып, шығынды толық ақтаған. Көктемгі дала жұмыстарының ойдағыдай атқарылуына мемлекеттік қолдаудың ықпалы зор. Серіктестікке несие уақытында берілген. Соның арқасында керекті дүниелердің барлығы уақытында сатып алыныпты.

Қызылжар ауданының диқандары 45 мың гектар алқапқа дән сіңіріп үлгерді
Қызылжар ауданының диқандары 45 мың гектар алқапқа дән сіңіріп үлгерді

«Мемлекет қолдауымен 300 тоннаға жуық минералды тыңайтқыш пен жеңілдетілген бағамен 60 тонна дизель отынын алдық. Бүгінгі таңда жоспарланған жұмыстың 45 пайызы орындалды. Маусымның біріне дейін егісті толық аяқтауды көздеп отырмыз. Өткен жылы бидайдың әр гектарынан 28 центнерден өнім алдық», — деді «Боголюбово» ЖШС директоры, Қызылжар ауданы Баян Барлыбаев.

Айта кетейік, биыл Қызылжар ауданындағы егіс алқабы 197,6 мың гектарды құрайды. Қазіргі күні диқандар оның 45 мың гектарына дән сіңіріп үлгерген. Жалпы, науқанға 85 серіктестік пен 200-ге жуық шаруа қожалығы қатысуда.

Тағы оқыңыз: Алаяқтар биометрия арқылы несие рәсімдейді деген хабарлама – фейк.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *