Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен бұйрығы мен қаулысына сәйкес, салтанатты іс-шараларды мейрамханаларда, банкет залдарында, демалыс базаларында және табиғат аясында өткізуге тыйым салынады, деп жазады Qazaqstan Mediа.

25 мамыр күні еліміздің барлық мектебінде «Білімім — Отаныма!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді. Онда оқу жылы қорытындыланып, оқушылардың жетістіктері мен есте қалған сәттері еске алынады. Сондай-ақ «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі құндылықтарына, білім мен ғылымға құрметті арттыруға және инновациялық ойлауды дамытуға назар аударылады. Оқушыларға жазғы демалыста оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі таныстырылады.

Министрлік мектеп бітіру және оқу жылының аяқталуына арналған іс-шараларға қатысты талаптарды да еске салды.  Салтанатты іс-шараларды мейрамханаларда, кафелерде, банкет залдарында, демалыс базаларында және табиғат аясында өткізуге тыйым салынады.

Сондай-ақ ата-аналардан, заңды өкілдерден және білім алушылардан салтанатты іс-шараларға байланысты ақша жинауға, сыйлықтар мен өзге де материалдық құндылықтар талап етуге жол берілмейді. Аттестаттар мен дипломдарды салтанатты түрде табыстау рәсімдері тек білім беру ұйымдарының қабырғасында ұйымдастырылады.

Биыл оқу жылын ел бойынша 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтайды. Оның ішінде 215 мыңнан астамы — 11-сынып түлектері.

Тағы оқыңыз: Қызылжар ауданының диқандары 45 мың гектар алқапқа дән сіңіріп үлгерді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *