Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған мәтінде бейтаныс адамның телефонын ұстап, камераға қарап немесе дауыстап сөйлегеннен кейін алаяқтар «цифрлық клон» жасайды. Бірнеше минутта несие рәсімдей алады деп айтылған. Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Мамандардың айтуынша, банк жүйелері мен мемлекеттік сервистерде биометриялық сәйкестендіру бір ғана фото, дауыс немесе экранға қарау арқылы жүзеге аспайды. Қауіпсіздік жүйелері бірнеше деңгейлі тексеруді қолданады. Сонымен қатар, біреудің телефонын қысқа уақыт ұстап көру арқылы саусақ ізі «ұрланып кетеді» деген де дәлелденбеген.

Дегенмен, сарапшылар мұндай жазбалардың толықтай негізсіз екенін де жоққа шығармайды. Алаяқтар расында адамдардың сенгіштігі мен мейірімділігін пайдаланып, түрлі схемалар арқылы жеке мәліметтерді алуға тырысады. Сондықтан бейтаныс адамдардың телефонын ұстамау, күмәнді сілтемелерді ашпау және кодтарды ешкімге айтпау маңызды.

Киберқауіпсіздік мамандары азаматтарға дүрбелеңге берілмей, ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеруге кеңес береді. Ал күмәнді хабарламаларды таратпас бұрын олардың рас-өтірігін анықтап алған жөн.

Тағы оқыңыз: СҚО-да «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *