Солтүстік Қазақстан облысында алкоголь өнімдері бір жылда 16,3%-ға қымбаттады. Бұл республикалық орташа көрсеткіштен жоғары, деп хабарлайды Qazaqstan Media Energyprom деректеріне сүйеніп. Қазақстан бойынша спирттік ішімдіктердің бағасы 13,9%-ға өскен.
Алкоголь ең қатты қымбаттаған өңір — Астана. Мұнда баға бір жылда 21,8%-ға көтерілген. Ақмола облысында өсім 20,8%, Алматы қаласында 18,9% болды. СҚО осы тізімде баға айтарлықтай өскен өңірлердің қатарында тұр.
Жалпы елде алкоголь жыл басынан бері де тұрақты қымбаттап келеді. Тоғыз айда баға 12,4%-ға өскен. Бұған акциз мөлшерінің көтерілуі де әсер еткен. 2026 жылдың басынан бастап алкоголь өнімдеріне салынатын акциз 10%-ға артты.
Бір қызығы, алкоголь қымбаттағанымен, халықтың оған жұмсайтын шығыны аздап төмендеген. Бірінші жартыжылдықта бір адамға шаққандағы орташа шығын 3,1 мың теңге болған. Бұл былтырғыдан 1,1%-ға аз.
Тағы оқыңыз: СҚО-да жыл басынан 282,8 мың тонна сүт өндірілді

