Солтүстік Қазақстан облысы мал шаруашылығын дамытуда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Жыл басынан өңірде 282,8 мың тонна сүт өндірілген, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Бүгінде облыста 118 сүт-тауар фермасы жұмыс істейді. Оның 50-і заманауи технологиялық құрал-жабдықтармен қамтылып, шетелдік жоғары өнімді асыл тұқымды ірі қара өсіреді. Нәтижесінде жыл басынан бері аймақта 282,8 мың тонна сүт өндірілді.
Өңір сүт өндірісі бойынша елде алдыңғы қатарда. Саладағы өсім заманауи инфрақұрылымды дамыту, жаңа технологияларды енгізу және асыл тұқымды мал басын жаңартудың арқасында қамтамасыз етіліп отыр.
«Биыл Солтүстік Қазақстанға шетелден 3 533 бас асыл тұқымды мал әкелінді. Оның 825-і мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары аясында жеткізілген», — деп хабарлады СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы.
Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/petropavldyq-30-ustaz-tuerli-denggejdegi-marapatqa-ie-boldy/

