Петропавлда «Таза қала — таза жүрек» акциясы өтіп жатыр. Оның аясында еріктілер жалғызілікті зейнеткерлерге көмектесуде, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Петропавлда «Таза қала — таза жүрек» шарасы өтіп жатыр. Шара «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылды. Оның аясында еріктілер жалғызілікті зейнеткерлерге көмек көрсетуде.

Волонтерлер зейнеткерлер тұратын үйдің маңын тазалады. Қария айтқан жұмыстарды істеді. Қалалық жастар ресурстық орталығы биыл 500-ге жуық зейнеткерне көмек көрсеткен.

«Біз бүгін жалғыз тұратын бес зейнеткерге көмектестік. Олардың аулаларын қураған шөп пен қоқыстан тазаладық. Сонымен қатар, қарияларға азық-түлік табыстадық. Ертең Пестрое көлінің маңын күл-қоқыстан тазартамыз», — деді қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Дамир Әбдин.

Тағы оқыңыз: Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *