қоқыс

Петропавлдықтардың қоқыс шығаратын кәсіпорындарға деген өкпесі қара қазандай. Айтуыларынша, ескі жиһаз, құрылыс материалдарының қалдықтары шығарылмай, бүгінде тау болып үйіліп жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгіндері Петропавлдағы Егемен Қазақстан мен Бостандық көшелерінің қиылысында орналасқан үйлердің маңы қоқыс үйіндісіне айналған. Тұрғындардың айтуынша, кәсіпорындар жәшіктердегі қалдықтарды шығарғанымен маңында жатқан заттарды қалдырып кетеді екен.  

«Қоқыс жинайтын алаң қазір таза. Бірақ бұл нәтижеге қол жеткізу үшін, біраз тер төктік. Сонымен қатар 66 мың теңге көлемінде ақша төлеуге тура келді. Бұл жерде әрдайым құрылыс жұмыстарынан кейін қалған қоқыс пен ескі жиһаз үйіліп жатады. Мұнда 2 мыңнан астам адам тұрады. Бұрын бізде 9 қоқыс контейнер болған, ал қазір 8 жәшік қана қалды. Бұл әрине көп адам тұратын көпқабатты үйлер үшін аздық етеді. Менің ұсынысым, ірі габаритті қалдықтарды шығаруды тариф төлеміне қосу, бұл мәселені шешуге септеседі», – дейді МИБ төрағасы Юрий Винничевский.

Бұл проблеманы қалалық әкімдіктегілер де біледі.  Бірақ олар ірі габаритті қалдықтарды шығару қызметін тарифке қосу бәріне бірдей ыңғайлы болмайды деп отыр.

«Ірі габаритті қоқысты тұрғындар күнделікті шығарып жатқан жоқ. Мысалы, пәтерін жөндегенде не жаңа жиһаз алғанда ғана ескісін лақтырады. Яғни, ол бірнеше айда бір шығарылады. Сондықтан ол тарифке енгізілетін болса, онда осы үйде тұратын  барлық  тұрғындар  сол үшін ақша төлеуге міндеттеледі, тариф көтеріледі», – деп түсіндірді қала әкімінің баспасөз хатшысы Эльмира Сәдуақасова.

Сондықтан қалалық әкімдіктегілер ірі габаритті қалдықтарды петропавлдықтардың өз күшімен қоқыс полигонына шығаруын сұрайды.

қоқыс

Тағы оқыңыз: Елімізде медицина мамандары тапшы

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x