Петропавлда жеке тұрғын үйдің аумағында гараж бен үйдің шатыры өртенді. Өрттің алдын ала себебі — балалардың отпен ойнауы, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Петропавлдағы Парк көшесіндегі өрт 20-шы қазанда түнде орын алды.Жер үйдің шатыры мен үй маңындағы гараж өртенді. Қатты желдің салдарынан жалынның таралу қаупі туындаған. Соған қарамастан, өрт сөндірушілер тілсіз жауды жедел оқшаулап, толық сөндірді. Олардың жедел әрекетінің арқасында тұрғын үй сақталып, өрттің көрші құрылыстарға таралуына жол берілмеді.
Төтенше жағдайлар департаментінің күштерімен үш адам эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.
Төтенше жағдайлар қызметі ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырады. Сіріңке мен оттықты балалардың қолы жетпейтін жерде сақтап, оларды отпен ойнаудың қауіптілігі туралы ескерту қажет.
Тағы оқыңыз: Петропавлда азық-түлік 15 пайызға дейін арзан сатылатын үлкен жәрмеңке өтеді

