Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2027 жылға арналған діни күндердің күнтізбесін жариялады. Оған сәйкес, қасиетті Рамазан айы сегізінші ақпанда басталады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен күнтізбеге сәйкес қасиетті Рамазан айы сегізінші ақпанда басталады Қадір түні бесінші наурыздан алтыншы наурызға қараған түні болады деп күтілуде. Ал Ораза айт мерекесі тоғызыншы наурызға белгіленген.
Құрбан айт мерекесі 16 мамырда басталып, 18 мамырға дейін жалғасады. Ал Арапа күні 15 мамырға сәйкес келеді. Зүл-хижжа айы жетінші мамырда басталады.
Күнтізбеде өзге де маңызды діни даталар көрсетілген. Бараат түні 22 қаңтардан 23 қаңтарға қараған түні, Ашура күні 15 маусымда аталып өтеді. Мәуліт түні 14 тамыздан 15 тамызға қараған түнге белгіленген.
«Діни даталар халықаралық астрономиялық зерттеулер негізінде айқындалған. Дегенмен жаңа айдың көрінуіне байланысты қасиетті айлар мен мерекелердің басталу уақыты бір күнге өзгеруі мүмкін», — деп хабарлады ҚМДБ.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда қай кәсіпке сұраныс жоғары?

